МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
24
декабрь
2024

МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ





Ағымдағы жылдың 2–3 қарашасы күндері БАӘ-нің астанасы Абу-Даби қаласында "Genius Kids" орталығының ұйымдастыруымен ментальды арифметикадан өткен халықаралық олимпиадада әлемнің 12 мемлекетінен қатысқан 400-ге жуық үздік оқушының қатарында Түркістан облысы Жетісай ауданының “Smart English” орталығынан 14 оқушы бақтарын сынаған болатын.
Франция, БАӘ, Ресей, Әзірбайжан, Бельгия сынды мемлекеттерден келген байрақты білім бәсекесінде бақ сынаған жетісайлық жастардың қатарында жүлделі ІІІ орын иеленген “Тұран” мектеп-гимназиясының 6 “Ә” сынып оқушысы Орынбай Мадияр мен “Smart English” оқу орталығының директоры Нұргүл Ярмаматованы бүгін Жетісай аудандық мәслихатының төрағасы Медет Қасымов қабылдап, сый-құрмет көрсетті. Аталмыш шараға аудандық мәслихат аппаратының басшысы Сәкен Досымов пен мәслихат депутаты Қахарбай Исаев қатысты.
“Білім – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының жиынтығы болғандықтан үнемі ізденіс пен дамуды қажет етеді. Өйткені, адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі де осы білім саласы.
Сіздердің әлемдік деңгейде өз білімдеріңізді мойындатып, елімізді танытуларыңыз біз үшін үлкен қуаныш” деген Медет Алмасбекұлы бүгінде білім беру саласына үлкен көңіл бөлініп, болашақ ұрпақтың заман талабына сай білім алуларына кеңінен жағдайлар жасалып жатқанын тоқталды.
Айта кетейік, аталмыш білім бәйгесінде Орынбай Мадиярмен қатар “Smart English” оқу орталығының шәкірттері Алмас Мұратов пен Аяна Мұратова, Нұрислам Жора мен Асылзат Беркімбай, Мұхаммед Шалқаров пен Мұстафа Болыс, Нәила Азимова мен Мұхаммеджан Болыс, Санжар Әбдіғаппар мен Сезім Дүйсенбай, Әбілмансұр Жақсылық пен Кәусар Оспан, Інжу Жандарбек жеңімпаздар қатарынан көрінді.
Жетісай аудандық мәслихат аппараты