10
октябрь
2022
«Қарты бар үйдің-қазынасы бар»
![]() |
«Қарты бар үйдің-қазынасы бар», – деп, дана халқымыз айтқандай,үйінде қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, берекелі жанұя. Ақсақалы сиреген ауылдан ар-иман қашады», – деген қанатты сөздер бар. Өйткені, кез келген қазақ шаңырағындағы ата-ана өз баласын үлкендерді сыйлауға тәрбиелейтіні ақиқат.
Үлкендерге құрмет көрсетуде сөзімен де, ісімен де өзгеге өнеге қалдырған пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде: «Кішілерімізге мейірімді болмаған, үлкендерімізге құрмет көрсетпеген адам бізден емес», – деген.Осы ұлағатты сөздерді негізге ала отырып, Самсаева Гүлзира ардагер ұстазымызды ұстаздар мерекесімен құттықтап 10 "А" сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Б. Сабденова ұстазымыздың батасын алып қайтты.
