МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!!! » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2024

МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!!!






2024 жыл 25 мамыр күні   соңғы қоңырау  мерекесі аталып өтілді.  Іс - шара әнұранмен басталды. Салтанатты жиынды мектеп директоры Қожбанова Хадиша Нартаевна  ашып, балалардың оқу жылында білімде, спортта, өнерде, шығармашылықтағы жетістіктері мен қоғамдық белсенділіктеріне тоқталып, түлектерге ізгі тілегін айтты. 
Және де жиынға арнайы келген қонақтар, Жетісай ауданы білім бөлімінің экономика бөлімінің бас экономисті Райхан апай, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Тұрар ағай, Жетісай ауданы мәслихат депутаты Қаршыға ханым мерекелік құттықтау сөз сөйледі.
🌸🌸Құрметті мектеп бітіруші түлектер!!!🌸
Сіздерді алға қойған арман-мақсаттарыңызға қол жеткізіп, еліміздің болашағы үшін білімін жалғастырып, аянбай еңбек етеді деп сенім білдіреміз! Сіздерге тек қана мықты денсаулық, сәтті сапар, мерейлі мақсат тілейміз!