Мектеп ұстаздары турнирде бақ сынасты » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
февраль
2023

Мектеп ұстаздары турнирде бақ сынасты


Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №7 «ТҰРАН» мектеп-гимназиясында «QAZAQSTAN ARDAGERLERI» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруы мен 15 ақпан ауған соғысы ардагерлеріне 34 жыл толуына орай кіші футболдан турнир өткізілді. 
Кіші футбол турниріне ауған соғысы  ардагерлерінен құралған командалар және мектеп ұстаздары  қатысты. Футболды ұйымдастыруға Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Шукурбаева, Ауған соғысының ардагері Құнанбай Мұсаев, №7 «ТҰРАН» мектеп-гимназиясының директоры Хадиша Қожбанова ұйытқы болды. 
Ашылу салтанатына ауған соғысының ардагерлері мектеп оқушылары және Жетісай, Мақтарал ауданынан келген қонақтар қатысты. Ұйымдастырушыларға және жеңімпаз командаларға  «QAZAQSTAN ARDAGERLERI» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Смағұлдың мадақтамасы табыс етілді.