Жаңа оқу жылы жүлдемен басталды. » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2022

Жаңа оқу жылы жүлдемен басталды.





2022 жылғы 22-28 тамыз күндері аралығында Түркістан қаласында 2022 жыл Балалар жылына арналған "100" шаршы дойбы спорт түрінен ерлер мен жастар және жасөспірімдер арасында Түркістан облысы ашық чемпионаты болып өтті. Түркістан облысы дойбы федерациясының ұйымдастыруымен өткен чемпионатқа облыстың барлық аудандарынан құрама командалар және жеке құрамда ойыншылар қатысты. 5 күнге созылған тартысты чемпионатта Жетісай ауданының ұстаздары мен оқушылары жүлделі орындармен оралды. №7 "Тұран" мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шарапов Айдар Сәдуақасұлы дойбының Блиц ойын түрінен ІІІ орынмен марапатталды. Алдағы уақытта ұстаздарымызға шәкірт тәрбиелеуде биік белестер мен толағай табыстар тілейміз.