25
ноябрь
2024
АБЕНОВА ГУЛСАРА-АУДАНДЫҚ СЕМИНАРДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ.
![]() | ![]() |
"№7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып бірлестігінде аудандық семинар өтті. Аудандық семинарда 3 "Ә" сынып жетекшісі Абенова Гулсара апай оқушыларымен ""Цифрлы білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының әлеуетін дамыту" атты тақырыпта қазақ тілі пәнінен "Түбір мен қосымшаның жазылуы" тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақтарын жасанды интеллек "Вортволл" әдістерін қолданды. Өткенді пысықтау«Сиқырлы ұяшықтар» ойыны арқылы өткен ережелерін қайталап шықты. «Қазынаны ізде» ойынымен жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Сабақты меңгергенін білу мақсатында саралау тапсырмаларын орындатты.
1-топ : Сәйкестендіру тесті.
2-топ: Тест тапсырмалары
3-топ:«Пазл» құрастыру
4-топ:«Семантикалық карта» тапсырмаларымен тексерді. Сабақты қорытындылауға «Ұстап ал» ойыны арқылы тапсырманы «Вортволл» сілтемесімен қорытындылады. Оқушылардың бойына ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында асықпен бағалап, "Қоржын" әдісімен сабаққа кері байланыс жасады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты. Сабақ жоғары дәреже өтті.

