25
ноябрь
2024
ОСПАНОВА АЙША-АУДАНДЫҚ СЕМИНАРДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ.
![]() | ![]() |
Аудандық семинарда Оспанова Айша 2"А" сынып оқушыларымен "Цифрлы білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының әлеуетін дамыту" атты аудандық семинарда математика пәнінен "Құрама есептер" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта есептермен бірге оқушы бойында құндылықты дарыту мақсатында құрақ әдістері (сегіз жапырақ, шахмат, гүл кестесі) пайдаланылды. Сергіту сәтінде қазақтың жеті қазынасы қойылып, оқушыларды жеті қазынамен таныстырды. Әртүрлі ұлттық әдістерді пайдалана отырып оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттырды. Сонымен қатар цифрлық әдісті пайдалана отырып " Балапан" әдісін көрсетті.

