15
декабрь
2023
2 «Ә» сыныбымен «Құрама есептерді шығару» тақырыбында ашық сабақ өтілді.
![]() | ![]() |
«№7 «Тұран» мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15.12.2023 жылы Республикалық «Педагогикалық шерулер» тақырыбындағы семинарда бастауыш сынып мұғалімі Абенова Гулсара 2 «Ә» сыныбымен «Құрама есептерді шығару» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ашық сабақты өту барысында оқушылардың зейінін шоғырландыру мақсатында «Атыма затым сай» әдісі бойынша шаттық шеңбер жасады.
«Ұлттық аспаптар» әдісі арқылы өткен сабаққа ой қозғау сұрақтары қойылды. Жаңа сабақтың мақсатына жету үшін «Ойлан, жұптас, бөліс», «Ойлы болсаң өзып көр» топтық жұмыс жасады. Жеке жұмысқа «Найзағай» әдісін қолданды. Бұл әдіс оқушылардың жаңа сабақты меңгеруіне мүмкіндік туғызды. Оқушыларды «Асық» арқылы бағалады.
Сабаққа аудан мектептерінің орынбасарлары және Қазығұрт ауданының мұғалімдері қатысып, сабақтың жоғары дәрежеде өткенін айтты. Оқушылардың сабаққа белсене қатысқанын, сабақтың мақсатына жеткендігін, бағалануы керемет өткендігі туралы өз пікірлерін айтып өтті. «Қоржынға асық жинау» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс жүргізілді.

