25
ноябрь
2024
БАШАРОВА АЙНҰР-АУДАНДЫҚ СЕМИНАРДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ.
![]() | ![]() |
«№7 «Тұран» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25 қараша күні «Цифрлы білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының әлеуетін дамыту» тақырыбында аудандық семинар өтілді.
Семинарда Башарова Айнур 1 «Ә» сыныбында әліппе пәнінен «Пп дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты «Сәлемдесу» нейрожаттығуымен бастады. Сынып «Сыйлық алу» әдісімен шаттық шеңберін құра отырып топқа бөлінді. «Аквариум» әдісі арқылы өткен сабақты шолып өтті.Жаңа сабақты ашу мақсатында «Сырлы суреттер», «Кезбе доп», «Wordwall», «Kinder сюрприз»әдістерін қолданды. Балаларға топтық жұмыс берілді. Балалар сабақ соңында жақсы түсіндім, түсіндім, әлі де түсінгім келеді айдарларымен берілген «Футбол» кері байланысын жасады. Ауданнан келген әріптестер сабақ соңында QR-код арқылы кері байланыс жасады.

