25
ноябрь
2024
Цифрлы білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының әлеуетін дамыту тақырыбындағы аудандық семинар
![]() | ![]() |
Жетісай ауданының білім бөлімі жылдық жоспарға сәйкес «№7 «Тұран» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 25 қараша күні «Цифрлы білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының әлеуетін дамыту» тақырыбындағы аудандық семинар өтілді.
Семинарда концерттік бағдарламамен психологиялық тренингпен бастауын алды. Семинарда мектеп директоры Хадиша Нартайқызы және Жетісай ауданы білім бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша әдіскері Райханова Ұлсерік ашып берді.
Ауданнан келген бастауыш сынып пән мұғалімдері арнайы жасалған бағдарламаның соңындағы QR-код арқылы алты топқа бөлініп сабаққа енді.
1. «Дұрыс тамақтану» тақырыбында 1 «А» сыныбына Претова Гулжамал өтті.
2. «Түбір мен қосымшаның жазылуы» тақырыбында 3 «Ә» сыныбына Абенова Гулсара өтті
3. «Құрама есептер» тақырыбында 2 «А» сыныбына Оспанова Айша өтті.
4. «Қысқы кеш» Мұқан Иманжанов тақырыбында 3 «Б» сыныбына Касымбекова Алия өтті.
5. «Қазақстанда ғылымның дамуы.» Қаныш Сәтбаев тақырыбында 4 «Б» сыныбына Жолдасова Улжан өтті.
6. «П» дыбысы мен әрпі тақырыбында 1 «Ә» сыныбына Башарова Айнұр өтті.
Семинардың екінші бөлімінде Шебер сабақтар өтілді.
1. «Flippity, Wordball, Padlet форматтарын бастауыш сыныптарда қолдану» тақырыбында Мусабекова Айман, Актаев Мухтар өтті.
2. «Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу заман талабы» тақырыбында Құдайбергенова Нұржамал, Аралбаев Табиғат өтті.
3. «Мектепалды даярлық сыныбы - тәрбие мен білім бастауы» тақырыбында Мауленова Салтанат, Ақылбаева Ұлжібек өтті.
Семинар соңында семинарда сабақ өткен ұстаздарымызға кері байланыс ретінде сабаққа енген аудан мұғалімдері сабақтан алған әсерлерімен бөлісті, өз қоржындарына сабақтан алған әдістерді, шебер сыныптағы тиімді бағдарламаларды алдағы уақыттта өз пәндерінде қолданатындығы туралы жылы лебіздерін білдірді. Семинар соңында мектеп директоры Хадиша Нартайқызы және Жетісай ауданы білім бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша әдіскері Райханова Ұлсерік қорытындылады.

