30
апрель
2024
Алақай!
![]() | ![]() |
Астана қаласында 29-30 сәуір күндері өткен Республикалық 5-8 сынып оқушыларына арналған «Pro Eco» экологиялық жобалар конкурсынан Түркістан облысының командалық құрамында барған Жетісай ауданының №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының оқушылары «Үздік экологиялық бастама» бағытында Зайт Диас пен Альжан Аян жүлделі ІІІ орын иеленді. Жарылқасын Асылжан №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы «Таза қала сізден басталады» бағытында жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.
Жас ұрпақтарды экологиялық мәдениетті және жаһандық проблемаларға белсенді өмірлік ұстанымдарды қалыптастыруға тәрбиелеуде жетекшілік еткен ұстаздарына Надиров Нұрсултан география пәнінің мұғалімі, Тулентаев Алғабас химия пәнінің мұғалімі, Аралбаев Табиғат биология пәнінің мұғалімі алғыс айтамыз.

