07
декабрь
2023
ЖЕТІСАЙ: «ЭКОЛОГИЯ-ВАЛЕОЛОГИЯ» СЕКЦИЯСЫ БОЙЫНША I ОРЫН ИЕЛЕНДІ
![]() |
XXI ғасыр технология және цифрлық ғасыр, демек заман талабына жаһандық бәсекеге қабілетті ұрпақ болып қалыптасу туған Отанымыз тәуелсіз Қазақстан Республикасы алдындағы перзенттік борышымыз.
Жетісай қаласы, №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі Надиров Нурсултан шәкірттерін ғылым жолына баулуда жетістіктерге жетіп мектеп абыройын асқақтатып жатыр.
Жуырда Түркістан қаласындағы «Abay school lyceum» мектебінде өткен 2-7 сыныптар арасындағы Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар олимпиадасында аталған білім ордасының 7 сынып оқушылары Заит Диас, Альжан Аян «экология-валеология» секциясы бойынша «Smart trash container» тақырыбында облыстық кезеңде 23 жұмыс ішінен үздік деп танылып, аудан намысын лайықты дәрежеде қорғап, I орын иеленді.
Жас ғалымдардың айтуы бойынша «Smart trash container» еліміздегі қоршаған ортаның тазалығын сақтауда айырықша үлкен маңызға ие болатындығына сенімдері мол екенін алға тартты.
Айта кетер болсақ, Заит Диас пен Альжан Аян аталымыш Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар олимпиадасын 2022-2023 жылы, екі жыл бойы қатарынан жеңімпаз атанған озат шәкірттер. Олар 2022 жылы Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар олимпиадасы Шучье қаласындағы «Балдаурен» балалар демалыс орталығы базасында өткен Республикалық кезеңінің қатысушылары.
Алдағы уақытта Заит Диас пен Альжан Аянның аламан бәйге білім додасындағы барлық жарыстарына сәттілік дей отырып ғылыми жетекшісі Надиров Нурсултан Сабыровичке кәсіби ұстаздық жолында шығармашылық табыстар тілейміз.
