22
апрель
2024
ТҰҒЫРЫ БИІК ТҰРАННЫҢ 2023-2024ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ 10 ҮЗДІК ЖЕТІСТІГІ
![]() | ![]() |
Бүгінгі жаһандану заманында білім беру ісіне, мұғалімдерге жас ұрпақты тәрбиелеуде жаңа көзқарастар пайда болды. Тәуелсіз ел атанып,төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесін арттырып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлтымыздың болашағы – жас ұрпаққа білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы былай деген екен: «Мұғалім қандай болса,мектеп һәм сондай-ақ болмақшы.Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика-методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Осы орайда мұғалімге қойылатын талаптар да өте жоғары. Мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және мықты маман болуы қажет. Мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Мектепте оқытуды жақсартуға, мұғалімдерді ынталандыру және кәсіби дамыту мәселелеріне басты назар аударып келеді.
Мектебімізде 2023-2024 оқу жылында жылдың ең үздік 10 жетістігі:
1. - Мектеп директорларына арналған "INTELLEKTUM DD2" сайысына мектебіміздің директоры Х.Кожбанова қатысып ауданнан І Орын иеленді. Түркістан қаласында өткен облыстық кезеңде де І Орын иеленіп Республикалық кезеңге жолдама алды.Атырау қаласында өткен Республикалық кезеңде 40команданың ішінен үздік төртікке кіріп Алғыс Хатпен марапатталды.
2. Мұғалімдер олимпиадасынан - География пәнінен аудандық мұғалімдер олимпиадасынан Надиров Нұрсұлтан І орын иеленіп облыстық кезеңге жолдама алды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалімдер олимпиадасынан Алдабергенова Тұрсынай ІІ орын иеленді. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалімдер олимпадасынан Рахметова Гүлнар ІІ орын иеленді.Математика пәнінен мұғалімдер олимпиадасынан Кадырханова Алия ауданнан ІІ орын иеленді.Физика пәнінен мұғалімдер олимпиадасынан Бижигитова Нұржамал Алғыс Хатпен марапатталды.
3. - Зерде ғылыми жобалар сайысы бойынша:
Орыс тілі Касмурзаева Г. оқушысы Арон мен Жансезім ауданнан І орын облысқа жолдама. География Надиров Н. оқушысы Дияс пен Алжан ауданнан І орын облысқа жолдама. Химия Тулентаев А.оқушысы Асылжан ауданнан І орын облысқа жолдама. Математика Құдасова А.Оқушысы Кәусар ауданнан І орын облысқа жолдама. Информатика Ермек Б. оқушысы Нурислам ауданнан І орын облысқа жолдама.Бастауыш Касымбекова А оқушысы Динара ауданнан І орын облысқа жолдама. Биология Аралбаев Т. Оқушысы Аяна ауданнан І орын Облысқа жолдама.
Зерде ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңінде
Химия бағыты бойынша Жарылқасын Асылжан Облыстан І орын Республикаға жолдама Экология бағыты бойынша Зайт Дияс пен Алжан Аян облыстан І орын иеленді.Математика бағыты бойынша Сейдалы Кәусар ІІ орын иеленді.Информатика бағыты бойынша Паташ Нурислам ІІІ орын иеленді.Спорт және туризм бағыты бойынша Давуд Динара ІІІ орын иеленді.Орыс тілі мен әдебиеті бағыты бойынша Арон мен Жансезім Алғыс Хатпен марапатталды.Этномәдениеттану бағыты бойынша Жұмабай Аяна Алғыс Хатпен марапатталды.
Республикалық кезең
Химия бағыты бойынша Жарылқасын Асылжан республикадан І орын иеленді. Жетекшісі Тулентаев Алғабас.
4. - "Педагогикалық идеялар" фестивалінен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мүғалімі Абишева Мөлдір ауданнан ІІІ орын иеленді. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Жұманазарова Мария ІІІ орын иеленді. Тарих пәнінен Амзеева Гүлбағила ІІІ орын иеленді. Химия пәнінен Тулентаев Алғабас ІІІ орын иеленді. Математика пәнінен Акжигитова Жанар ІІ орын иеленді. География пәнінен Надиров Нұрсұлтан І орын иеленді."Педагогикалық идеялар" фестивалінің облыстық кезеңінде география пәні мұғалімі Надиров Нұрсұлтан өз пәнінен облысты бағындырып І орын иеленді. Және химия, биология жаратылыстану пәндерінің ішінен Республикалық кезеңге І ғана жолдама берілетін ақтық сында да І орын иеленіп Респубоикаға жолдама алды. Алматы қаласында өткен Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалінде» Надиров Нурсултан сертификатпен марапатталды.
5. 2023-2024 оқу жылында математика пәнінен "Алтын сақа" олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілген. Олимпиада жеңімпаздарын марапаттауға арнайы Астана қаласынан "Зерделі " ақыл- ой дамыту мектебі ЖШС бас директоры ЫРЫСБЕК МӘУІТҰЛЫ мырзаның өзі келіп марапаттады. 3 "А" сынып оқушысы ЛЕСБЕК ЖАНИЯ 2-орынға иеленді..Сынып жетекшісі Фаттекова Құрбанкул апай. 4 "Ә "сынып оқушысы МЭЛСҰЛЫ АРСЕН 1-орынға иеленіп облысқа жолдама алды. Сынып жетекшісі Претова Гулжамал апай. Мэлсұлы Арсен облыстық кезеңнен де оза шауып І орын иеленіп Республикаға жолдама алды. "Алтын сақа" олимпиадасынан 6”А” сынып оқушысы Нұрғали Жания 1 орын иеленіп, облысқа жолдама алғаны үшін марапатталды. Жетекшісі математика пәні мұғалімі Маханбетова Кенжегуль.5 "Ә" сынып оқушысы Беркимбай Асылзат 1-орын иеленіп,облысқа жолдама алғаны үшін марапатталды.Жетекшісі: математика пәні мұғалімі Мырзатаева Ақерке. 5 "Ә" сынып оқушысы Умирзак Айару 3-орын иеленгені үшін марапатталды. Жетекшісі:математика пәні мұғалімі Мырзатаева Ақерке 5 "Б" сынып оқушысы Нұржігіт Жания 3-орын иеленгені үшін марапатталды. Жетекшісі: математика пәні мұғалімі Құдасова Ақмарал. Дубай қаласында өткен Халықаралық жарыста Жандарбек Інжу мен Беркімбай Асылзат чемпион болып оралды.
6. -"Педагогикалық шерулер" тақырыбындағы республикалық семинар. "№7"Тұран"мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15 желтоқсан күні "Педагогикалық шерулер" атты тақырыпта ресубликалық семинар болып өтті.
7. Жетісай ауданы білім бөлімі және кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен өткен жыл үздіктерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада 2023 жылдың «Ең үздік мектебі» номинациясын «№7 «Тұран» «мектеп-гимнзаия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жеңіп алды. Жетісай қаласы әкімі Н.Бахтияровтың ұйымдастыруымен өткен жыл үздіктерін анықтау мақсатында ұйымдастырған іс-шарасында «№7 «Тұран» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жылдың «Ең үздік мектебі» номинациясын жеңіп алды.
8. Жетісай ауданы Ішкі саясат және тілдерді дамыту орталығы және Жетісай ауданы Жастар орталығы ұйымдастыруымен өткен «Жыл көшбасшылары-2023» байқауында география пәні мұғалімі Надиров Нұрсұлтан Сабырович «Үздік жас ғалым» номинациясын жеңіп алды.Түркістан облысы білім басқармасы, Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен «The modern teasher Tturkistan-2023» байқауында өз іс-тәжірибесін облыс көлемінде таратқаны үшін директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Т. Аралбаев Алғыс Хатпен марапатталды.
9."Педагогикалық дуэт" сайысынан Аралбаев Табиғат пен Тулентаев Алғабас ауданнан І орын иеленіп облысқа жолдама алды. Облыстан да оқ бойы оза шауып Бас жүлде иеленді. Республикалық кезеңге жолдама алды.
«Pro Eko» сайысынан аудандық кезеңінде 3 оқушымыз ауданнан бірінші орын алып облысқа жолдама алды. Облыстық кезеңде ҮЗДІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСТАМА БАҒЫТЫ БОЙЫНША АЛЬЖАН АЯН, ЗАЙТ ДИЯС І ОРЫН РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА.ЖЕТЕКШІСІ НАДИРОВ НҰРСҰЛТАН
ТАЗА ҚАЛА СІЗДЕН БАСТАЛАДЫ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЖАРЫЛҚАСЫН АСЫЛЖАН І ОРЫН РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА. ЖЕТЕКШІСІ ТУЛЕНТАЕВ АЛҒАБАС
МЕНІ ҚОРШАҒАН ӘЛЕМ-ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМ БАҒЫТЫ БОЙЫНША АХАНОВА АСЕЛ МАҚТАУ ҚАҒАЗБЕН МАРАПАТТАЛДЫ.ЖЕТЕКШІСІ АРАЛБАЕВ ТАБИҒАТ
10. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯНЫҢ ХАБАРШЫСЫНАН АЛҒАШҚЫ МАҚАЛА АВТОРЫ ЖЕТІСАЙ АББ ӘДІСКЕРІ В.Р.ЮСУПОВ ПЕН "N7 "ТҰРАН"МГ КММ ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ РАИМБЕКОВА ҰЛЖАН КЕТТЕШҚЫЗЫ.
Алтынсарин атындағы Академияның «Хабаршы» республикалық журналында «Орыс тілі мен әдебиетінен жағдаяттық-коммуникативтік тапсырмаларды құру үшін жасанды интеллектті қолдану» Раимбекова Ұ.К. мақаласының шығуы аудандық АББ орыс тілі мен әдебиеті В.Р.Юсупов және үздік ұстаз Айгүл Қалмаханова идеялары болды. Жасанды интеллектті сабақта қолдану бойынша 5-сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды материал дайындау ұсынылды.Жасанды интеллект көптен бері миллиондаған адамдардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Жасанды интеллект біздің өміріміздің барлық салаларында белсенділік танытып, білім беру белсендірек болуда. Тәжірибе туралы сілтеме бойынша журналдың өзінде оқыңыз https: //uba.edu.kz/storage/app/media/1-2024.pdf Аттестациядан кезені басталайын деп жатыр, республикалық «Хабаршы» журналында жариялану -5 балл құрайды. Мақала авторларына шығармашылық табыс тілейіз. https://www.facebook.com/share/TaeKrnKcfyCwiEdX/?mibextid=oFDknk

