ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 2024 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЕМТИХАН ТАПСЫРАДЫ » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 2024 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЕМТИХАН ТАПСЫРАДЫ
09
январь
2024

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 2024 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЕМТИХАН ТАПСЫРАДЫ




 Қазақ тілінен емтиханды 5-8 және 10 сынып оқушылары тапсырады. Өзгерістер 2023-2024 оқу жылынан бастап енгізілді, яғни мамыр айында студенттер мемлекеттік тілді білу деңгейінен тестілеуден өтеді, деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
   Еске сала кетейік, бұған дейін бұл емтиханды 9 және 11 сынып оқушылары ғана тапсыратын.
   Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай, тестілеу жазбаша және ауызша түрде өтеді. Тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу секілді дағдылар бағаланады.
   Емтихан тапсырмаларын мұғалімдер өздері дайындайды. 5-8, 10-сыныптардағы жылдық баға емтихан және жылдық бағалау нәтижелері бойынша қойылады.
   Бұл ретте 2024 жылы қазақ тілін меңгеру деңгейлері енгізіледі. Ұлттық тестілеу орталығы сынақтар өткізіп, сертификаттар береді.