14
декабрь
2023
“ҚАЗАҚСТАН МАҚТАНЫШЫ”
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
N 7 “Тұран” мектеп-гимназия” КММ -нің 9 “А” сынып оқушысы
Хожакельди Әсемай
“ҚАЗАҚСТАН МАҚТАНЫШЫ”
Республикалық журналына жарияланып, арнайы СЕРТИФИКАТ пен марапатталды.
Әсемай кішкентайынан өте ақылды, өнерлі қыз болған. Көптеген іс-шараларға қатысып, бас жүлдені алып, көзге түсіп, жан- жақтылығымен ерекшеленуде. Қазіргі уақытта ол- биші, әнші және күйші. Сурет салуға да құмар. 2019 жылы “Сөзжұмбақтар, ребустар шешу” сайысында тапқырлығымен 1-орын иегері, 2019-2021 жылдары “Көктем аруы”, “Күзгі бал” байқауларына қатысып Бас жүлде иегері, 2021 жылы Республикалық “ Аrt Bayterek” байқауында үздік өнер көрсетіп 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталған. 2022 жылы халықаралық “ Алматы шақырады” байқауында “Аспапта ойнау” номинациясы бойынша 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. 2017-2022 жылдар аралығында математика пәні бойынша жалпы Қазақстандық қашықтықтан өткізілген олимпиадада 1-ші дәрежелі диплом иегері атанды.Әсемай бүгінде “N1 Жетісай балалар өнер мектебінің” домбыра сыныбында оқиды.
Әсемай мектепті “Алтын белгімен” бітіріп, шетелге оқуға түсіп, ата- анасының үмітін ақтауды және әлем елдеріне саяхатқа шығуды армандайды.
Мектебіміздің абыройын асқақтатып жүрген осындай оқушымыздың бар екеніне біз тек қана мақтанамыз.
Әсемайға тілеріміз болашақта биік биік асуларды бағындырып, аңсаған арманыңа жет!



