30
август
2023
ҚҰТТЫҚТАУ!!!
![]() | ![]() |
Құрметті әріптестер!
Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын! Негізгі Заңның қабылдануы – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі. Конституция мемлекеттік егемендігімізді, билік пен қоғам құрылымының демократиялық қағидаттарын нығайтып қана қоймай, еліміздің одан әрі дамуының бағытын айқындап берді.
Тәуелсіздік жылдарында біздің Конституциямыз өзінің кемелділігін дәлелдеді. Еліміздің Негізгі Заңы бұрынғысынша Егемен Қазақстан дамуының басты шарты болып қала береді. Конституция талаптарының орындалуы – мемлекет дамуы мен қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі.
Құрметті әріптестер!
Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, амандық-саулық, молшылық, ашық аспан мен Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуін тілеймін!
Мектебіміздің директоры:Кожбанова Хадиша Нартаевна

