22
февраль
2023
Еркін күресті еркін меңгерген - Ғазизбек.
![]() | ![]() |
Мектеп оқушыларының бойында тәрбие мен білім алудың маңызы зор. Тәрбие мен білімді қатар алып спорттыда жанына серік қылып жүрген мектеп мақтанышы Ғазизбектің жасынан еркін күресті еркін меңгергені көрінді. Бес жастан бастап спорт үйірмесіне қатысып қазіргі таңда өз салмағында аудан, облыс көлеміндегі жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп жүр. Сыныптағы сабаққа белсенділігіде жоғары екенін сынып жетекшісі білікті ұстаз Фаттекова Құрбангүл апайымыз өз сөзінде жеткізді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Х.Бектурганова Ғазизбекті әлі де талай жетістіктерге жететініне сенім білдірді.

