02
февраль
2023
Домбырада 30-ға жуық күйді еркін меңгерген-Ерасыл.
![]() | https://www.facebook.com/100012361658637/videos/640209218104728/ |
Халқымыз ерте заманнан әндері мен күйлерін, асыл мұра ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, көзінің қарашығындай сақтап келген. Асыл мұраны дәріптеуде домбыраның орны бөлек. Бабамыздың жырысың сен домбыра, Даламыздың сырысын сен домбыра деп жырлағандай домбыраны жанына серік қылып жүрген 5 "Б" сынып оқушысы Нұрман Ерасыл. Ерасылдың бір бойында өнерге деген сүйіспеншілігі қазіргі уақытта 30-ға жуық күйді еркін меңгерген. Сынып жетекшісі: Мирзабекова Жадра. Алдағы уақытта өнерін дамытып, тек күй емес домбырамен ән айтуды да үйренгісі келетінін жеткізді. Ерасылға мектебіміздің басшысы толағай табыстар тілеп, өнерің өрге жүзе берсін деп тілегін білдірді.
