16
декабрь
2023
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ АЛДАМҰРАТОВА ҰЛБОСЫННЫҢ АШЫҚ САБАҒЫ
![]() | ![]() |
2023 жылы 15 желтоқсанда «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалының ұйымдастыруымен педагогтердің кәсіби дамуын жетілдіру және қолдау, оның ішінде тәжірибе алмасу мақсатында «Педагогикалық шерулер» атты республикалық семинар Жетісай ауданына қарасты “N7”Тұран” мектеп-гимназия”коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алдамұратова Ұлбосын апай 11”В”сыныбымен Смағұл Елубайдың “Жалған дүние”тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ тапсырмаларға сәйкес жаңа стратегиялармен өтілді.Ақпараттық технологияны жоғары деңгейде пайдаланылды. Роман желісі бойынша түсірілген фильмнен үзінді тамашалап, оқушылар өз пікірлерін ортаға салды. Көзі тірі жазушымыз Смағұл Елубайдың 2минуттық сұхбатын тамашалап жазушы жайлы тың деректерді тыңдады. “Жылдам ойлау шеңбері” әдісі арқылы сабақтан алған мәліметтерімен бөлісті. Сабаққа кірген ұстаздар өз ризашылықтапын білдіріп, сабақ мақсатына жетті деген пікір білдірді.

