16
декабрь
2023
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА БАСТАУЫШ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ ПРЕТОВА ГҮЛЖАМАЛДЫҢ АШЫҚ САБАҒЫ
![]() | ![]() |
“N7”Тұран”мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15.12.2023 жылы Республикалық ”Педагогигалық шерулер” тақырыбында семинарда Бастауыш сынып мұғалімі Претова Гулжамал 4 ”Ә” сыныбымен Жаратылыстану пәнінен ”Заттардың қасиеті өзгере ме? “ тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты келген қонақтармен сәлемдесуден бастады. Оқушылардың зейіннін шоғырландыру мақсатында қазақ тілі және ағылшын тілдерінде Психологиялық дайындық жүргізді. "Додекадр" әдісі арқылы топқа бөлді.
Қызығушылық кезеңіне " Шеринг" әдісін пайдаланды. "Қалқанқұлақ " ойыны арқылы "Ия", "Жоқ " тест тапсырмаларын орындатты.
Жаңа сабаққа "Бес сұрақ, бес жауап " әдісін пайдаланды.
Инфографика, пиктографикамен зерделеу жұмыстарын жүргізді.
"Ойлан, Бірік, Бөліс" стратегиасы арқылы зерттеу жұмыстарын жасады.
Сергіту сәтінде сынып оқушылары өздері ән айтып, сергіту билері арқылы қимыл қозғалыс жасады.
" Сұрақ ілмек" әдісі арқылы мәтінмен жұмыс жүргізді.
"Не істедік?,Не байқалды? "әдістерін пайдалана отырып дәптермен жұмыс жүргізді.
" Синквейн" әдісін пайдалана отырып Қазақ тілі пәнімен байланыстырып өтті.
" Мен қайдамын" ойыны арқылы топпен жұмыс жасады. "Сөйлемді аяқта" әдісі арқылы сызба жұмыстарын жүргізді.
Ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында сабақтың барлық бөлімдеріне " Киіз үй" құру әдісін пайдаланды.(кереге,уық,шаңырақ)
"Шаңырақ" әдісі арқылы оқушыларды жеке-жеке бағалады.
"Себеттерге жеміс жинаймыз" ойыны арқылы топпен бағалап отырды.
Не ұқтым? Не айттым? Не естідім? Не көрдім?, әдістері арқылы сабаққа кері байланыс жасады.
Сабаққа қатысқан әр ауданнан, әр өңірден келген әріптестер сабаққа өте жоғары деңгейде өткенін және әр бөлімге үш-төрт әдістен пайдаланғанын ерекше атап өтіп, өз ризашылығын, ізгі тілектерін білдірді.
Және 4"Ә"сынып оқушылары Республикалық "Педогогикалық шерулер " тақырыбындағы семинарда "Тауыс "биін билеп," Ұстазым" әндерін орындап өз үлестерін қосты.
Гулжамал ұстаз сізге шығармашылық табыс тілейміз.

