16
декабрь
2023
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ ТУКОЯКОВА ШАРИПАНЫҢ АШЫҚ САБАҒЫ.
![]() | ![]() |
2023 жылы 15 желтоқсанда «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалының ұйымдастыруымен педагогтердің кәсіби дамуын жетілдіру және қолдау, оның ішінде тәжірибе алмасу мақсатында «Педагогикалық шерулер» атты республикалық семинар Жетісай ауданына қарасты «Тұран» мектеп-гимназиясының базасында өтті.Семинардың екінші бөлігінде пән мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.Биология пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Тукоякова Шарипа Рамановна 8"Ә" сыныбымен "Тыныс алу" тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақта заманауи әдістерді қолданып, оқушыларды қызықтыра алды. Тақырып аясында қолданған әдістері нағыз жас ерекшелігіне сай жасалғаны көрінді.Ақыл картасы әдісі оқушылардың бір жақтылықтан жан жақтылыққа бағыттайтын әдіс екені көрінді.Ютуб желісін пайдалану түрлі платформаларды еркін меңгергені сабақтың жоғары деңгейде өтуіне жағдай жасады. Сабақ соңында кері байланыс жасалынып, қорытындыланды.Келген әріптестер жылы лебіздерін білдіріп керемет көңіл күйде шықты.

