РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ БИЖИГИТОВА НҰРЖАМАЛДЫҢ АШЫҚ САБАҒЫ » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ БИЖИГИТОВА НҰРЖАМАЛДЫҢ АШЫҚ САБАҒЫ
15
декабрь
2023

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ БИЖИГИТОВА НҰРЖАМАЛДЫҢ АШЫҚ САБАҒЫ


https://www.facebook.com/100012361658637/videos/381561514408291/

"N7" Тұран" мектеп-гимназия"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15.12.2023ж.күні "Педагогикалық шерулер" атты республикалық семинарда физика пәні мұғалімі Бижигитова Нуржамал Тансыкбаевна 7"Б" сыныбымен "Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау" деген тақырыпта ашық сабақ өтті.
  Ашық сабақ барысында әр түрлі жаңартылған білім  жүйесіне сәйкес әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылды.
 Сабақтың мақсаты,талаптары, жалпы күтілетін нәтиже туралы алдын-ала түсіндіріліп өтілді.Үй жұмысын сұрау,өткендерді қайталау барысында "Бәйге" әдісі,"Learningapps" платформасы әдістерін қолданды.Оқушылар мобильді телефондарына келген  сілтемелер арқылы  сұрақтарға  тез әрі нақты жауап берді. 
 Жаңа сабақты тек ауызша ғана түсіндіріп қоймай "Әр түрлі қатты денелердің тығыздығын","Әр түрлі  сұйық заттардың тығыздығын" зертханалық жұмыс жүргізе отырып түсіндіргені оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруіне   ерекше ықпал еткені байқалды."Іскерлік кездесу" әдісі арқылы сабаққа қорытынды жасалды.
 Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алынып, олар сабақтағы өздеріне ұнаған сәттерді,сабаққа байланысты өз пікірлерін,болашақта өздеріне қажет деген мағлұматтар туралы айтып өтті.
 Ашық сабақ өте жоғары деңгейде өтті.Ол ойды әр түрлі аудандардан келген қонақтар өз пікірінде тілге тиек етті.
 Сабақ жаңа форматта, әр түрлі көрнекіліктермен,жаңа техникалық құралдарды кеңінен қолдануымен,сабақ үстінде зертханалық жұмыс жасауымен ерекшеленді.
 Нуржамал апайымызға шығармашылық табыстар тілейміз!