15
декабрь
2023
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА МАТЕМАТИКА ТІЛІ МАМАНЫ АКЖИГИТОВА ЖАНАРДЫҢ АШЫҚ САБАҒЫ.
![]() | ![]() |
“N7”Тұран”мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15.12.2023 жылы Республикалық
”Педагогигалық шерулер” тақырыбында семинарда математика тілі пәні мұғалімі Акжигитова Жанар Еркінбекқызы 11”А” сыныбында ”Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графиктері “ тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ашық сабақ барысында тақырыпқа жаңашыл әдіс-тәсілдермен өтілді.
Сабақтың өту барысы, оқушыға қойылған мақсаты, талаптары,
оқушының жас ерекшелігіне, тиімділігіне сай алынған.
Сабақ өткен сабақпен байланыстырылған, сұрақтар қою әдісін қолдану арқылы өткізілді. Жаңа сабақты "төңкерілген сынып" технологиясы арқылы видео арқылы оқушыларға түсіндірілді.
Қазіргі АКТ қолдану деңгейімізді дамыту мақсатында оқушыларға мына номер дегеннен гөрі электрондық түрде ұсынылды "QR-код" әдісін қолдана отырып тест тапсырмаларын орындап шықты. Нәтижелері экраннан әр бір оқушының жинаған балдары көрініп тұрді. Топтық жұмыста оқушылар берілген тапсырманы өте жақсы деңгейде орындап шықты. "Тарсия" әдісі ерекше білімді қажет ететін оқушылардың қажеттілігінде қамтамассыз ете отырып, топпен бірігуі қиындығы бар сонымен қатар тақырыпты өздігімен меңгеру барысында, әліде сұрақтары қалған оқушылар "Тарсия" әдісі арқылы ойды шоғырландырып, бір-бірімен бірге отырып жұмыс жасағанда, достарының қолдануын көрген кезде, тақырыпты білу деңгейінде аша алды. Бұл бөлімде оқушылардың білім деңгейін анықтау көзделген. "Сәйкестендіру" әдісі арқылы жабық тапсырма сабақты қорытындылау мақсатында берілді. Әр тапсырма орындау барысында оқушылар жинаған балдарына байланысты банкаматтан ақша алып отырды. Сабақ соңында оқушыларға функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында берілген тапсырманы орындау барысында жинаған ақшаларын топ болып жинап функционалдық сауаттылыққа берілген есепті орындап шықты. Уақытында үй тапсырмасы берілді. Оқушыларды бағалау «Bilimklass.kz» порталы бойынша жүзеге асты. Бұлай бағалау әділ, ашық түрде болды.
Сабаққа Жетісай ауданының мектеп мұғалімдері, ауданымыздың әдіскері Айгүл Тасовна, Шардара ауданынан Ерубаев ЖББМ ген оқу орынбасары Айдарбеков Асыл, Ордабасы ауданынан К.Омарав ЖББМ Сейілхасов Фараби, М.Әуезов атындағы N39 ЖББМ басшысы қатысып өз бағаларын берді: техникалық құралдар қолдану арқылы және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, сабақ мақсаты бойынша оқушылар сабақ мақсатына жетті “-деп пікірлерін айта кетті.

