06
декабрь
2023
Ж. Аймауытовтың туғанына-135 жыл
Бүгін 6.12.2023. күні “N7 "Тұран" мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 10” ә” сынып оқушылары, пән мұғалім Алдамұратова Ұлбосын апай мен бірге” Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Ж. Аймауытовтың туғанына-135 жыл толуына орай әдеби шолу өткіздік.
Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы Кеңес өкіметі тұсында ол туралы айтуға да, жазуға да тиым салынды. Тек кеңес өкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы нан босағаннан кейін ғана қаламгер туралы халқына жете бастады. Сан қырлы талант иесі Ж. Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Ж. Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы- прозалық шығармалар. Ж. Аймауытов- көп жыл ұмыт болып, туған халқымен кеш табысқан қайраткер, сондықтан да оның есімі кейінгі толық ұрпақ үшін аса қымбат. Оқушылар оқыған” Ақбілек” романы туралы өз ойларымен, пікірлерін ортаға салып бөлісті. Сарқылмас мөлдір бұлақтан бүлкілдеп аққан тұнық су бастауынан ұзаған сайын арнасы тарылып, құмға сіңіп жоқ болды.
Алайда, сол қайнар бұлақтың қазақ руханиятына сарылдап кеп құйған сағасы ешқашанда су алмайды.
Кітапханашы: Р. Рапишева.