Түркістан облысы Арыс қаласының тумасы "Отбасы хрестоматиясы' жобасының авторы, шығыстанушы,ағартушы Санжар Керімбай мырза Тұран мектеп -гимназиясында » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Түркістан облысы Арыс қаласының тумасы "Отбасы хрестоматиясы' жобасының авторы, шығыстанушы,ағартушы Санжар Керімбай мырза Тұран мектеп -гимназиясында
18
ноябрь
2023

Түркістан облысы Арыс қаласының тумасы "Отбасы хрестоматиясы' жобасының авторы, шығыстанушы,ағартушы Санжар Керімбай мырза Тұран мектеп -гимназиясында






Кітап оқып, рухани бай болайық!
'Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына" деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи.Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек.Кітап халықтың кемелденуіне көмектеседі.Халықты кітап оқуға шақыру -олардың таным көкжиегін кеңейтудің басты кепілі болып саналады.
 " Жетісай қаласы күні" мерекесіне орай қаламызда "Jetisai KITAP Fest-2023" кітап көрме - жәрмеңкесі өткізілді.Осы жәрмеңкеге арнайы шақырылған Түркістан облысы Арыс қаласының тумасы "Отбасы хрестоматиясы' жобасының авторы, шығыстанушы,ағартушы Санжар Керімбай мырза "N7 "Тұран" мектеп -гимназиясына" қонаққа келіп,бір топ мұғалімдермен кездесу өткізді.Кейінгі жылдары халқымыздың байырғы салт- дәстүрі мен ұлттық дүниетанымын насихаттап,аңыз-қиссалар арқылы олардың терең мәніне үндейтін кітаптар көптеп жарық көре бастағанын тілге тиек еткен Санжар Керімбай мырза жалынды жастар санасына қозғау салып  жүрген ұлт жанашыры,тағылымды еңбектердің жетекшісі екендігін көрсете білді.
"Отбасы хрестоматиясы" сериясы арқылы жарық көрген "Әлдиден эпосқа дейін", "Салт-дәстүр сөйлейді ","Логотерапия","Отбасындағы 30 сабақ","Қуыскеуде" сынды кітаптардың жазылу тарихымен,жалпы мазмұнымен таныстырып өтті."Қазіргі кезде қоғамда,отбасында кітап оқу,кітапқа деген қызығушылық кешеуілдеп,керісінше ғаламтордың озған заманы болып тұр.Алайда, әр дәуір мен заман ағымын жырлап келе жатқан ешуақытта құндылығын жоймайды " деген ойын нық сеніммен айтты.
   Әсіресе,мектеп оқушылары мен ата-аналары үшін аса құнды кітап - "Балалықтан даналыққа" деп аталатындығына ерекше тоқталып өтті."Адамға "қалай" емес,"не үшін өмір сүру керегін ұқтыр!"Қалай өмір сүру керегін " өзі-ақ үйреніп алады",- деген Ф.Ницшенің даналық сөзін басшылыққа ала отырып әрбір ата-анаға ұрпағының рухани,мәдени тұрғыдан бай болып өсуіне ықпал ететін дүние екендігін ұқтыра білді.
Кездесу барысында Санжар Керімбай мырзаның өмірі мен шығармашылық жолына байланысты сұрақтар қойылды.
Сөз соңында,көркем әдебиет оқудың ләззатын татпаған адам мәңгіге рухани мүгедек,қуыскеуде болып қалады, ұрпағымыз білімді,саналы,рухты болу үшін кітап оқуға үндейік,жол көрсетейік деген қорытындыға келдік.