"IQANAT" ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
март
2023

"IQANAT" ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ









 Түркістан облысындағы ауылдық мектеп оқушыларына, олардың таланттарын ашуға және лайықты білім алу мүмкіндіктерін табуға көмектесу жалғасуда. Осыған орай Республикалық “IQanat” олимпиадасы Жетісай ауданында бастау алды. "Тұран" мектеп -гимназиясында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған IQanat олимпиада ашылуы салтанатты түрде өтті. Ашылу салтанатының алғашқы құттықтау сөзі  “IQanat” білім беру қорының атқарушы директоры   Әлия Саликова Әбілқасымқызы         және  Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Садықова Ардақ Мадыханқызына берілді.
 Олимпиаданың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша екінші кезеңге өткен оқушыларға когнитивтік ойлау деңгейін анықтауға арналған кешенді тест тапсырады. Олар  логикалық ойлау мен математикалық сауаттылық бойынша бақ сынасып, кеңістіктік ойлау мен оқу сауаттылығы арқылы сайысқа түседі.
 Олимпиада қатысушылары Мақтарал, Шардара аудандарынан 437 оқушы келді. Дарынды жастарға  білім байқауында бағы жануына, сәттілік тілейміз!