17
октябрь
2023
“ Қазақ хрестоматиясы” атты оқулық, “қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” атты дидактикалық оқу құралын жазды.
![]() | ![]() |
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында , 17.1023. күні “N7 "Тұран” мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 3” б” сынып оқушылары мен қазақтың аса көрнекті ағартушы- педагогы, жазушы Ы. Алтынсариннің өмір жолы, әңгімелері мен әдеби сағат өттік. Ы. Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер- білім, техниканы игеруге шақырады. “ Қазақ хрестоматиясы” атты оқулық, “қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке- тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән- мағынасын жоймақ емес. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық- білім екенін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді.
Кітапханашы: Р. Рапишева.

