23
октябрь
2023
ҮНДЕУГЕ ҮН ҚОСАЙЫҚ
![]() |
Бір әкенің берген тәрбиесін 100мектеп те бере алмас. Отбасында әкенің орны орасан зор. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Бала үшін асқар тау — Әке. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі бәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге бағыну – аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы екен. Сондықтан бүгінгі мектептерде әкелер кеңесінің құрылып, өскелең ұрпақтың тәлім- тәрбиелік мәселелеріне етене араласуы- соның айғағы. "N7 "Тұран"мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Әкелер кеңесінің" төрағасы Калдарбеков Ерболат барлық әкелерге үндеу жариялады.
