10
октябрь
2023
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛА.
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
"№7 "Тұран" мектеп-гимназиясының" география пәні мұғалімі Надиров Нурсултан Сабырович Халықаралық деңгейде мақаласын жариялады.Мақала тақырыбы:
An article on "Improving students' functional literacy in teaching geography" will be published at the IX international scientific-practical conference "Global and regional aspects of sustainable development" to be held in Copenhagen, Denmark on October 6-8, 2023.
Жетістікке жету –өз қолымызда!
Жеңіске жетелер жетістіктер.
«Туған елге пайдалы іске қолдан келгенше
үлес қосу-әрқайсымыздың міндетіміз. (Ы. Алтынсарин).
Кез-келген саналы адам өмірде табысқа жетістікке жеткісі келеді. Оның орындалуын көксеп, іштей алдына үлкен-үлкен мақсаттар қойып, соған жету үшін бар күшін салады. Әрине көздеген мақсатқа бірден жете қою мүмкін емес.
Мектеп- барлық рухани өркениеттің ошағы және жан-жақты дамуға жағдайлар туғызатын, адамның өз бетімен білімін жетілдіруге жағдай жасайтын,таңдау мүмкіндіктерін туғызатын,еркін және шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын киелі орда. Шығыс ойшылы Жүсіп Баласағұни адамның мәңгі болмысы оны ң ары мен елі үшін еткен еңбегінде деуінің өзі бекер емес. Өйткені ұстаздықтық ұлы жолын таңдаған әр адамның бойында үздіксіз ізденіс пен тынымсыз еібек ету қаситеттері болуы шарт.
Нұрсұлтанның жетістігі тек оза шауып, бәйге алу емес адамдық қасиетті жоғалтпауында жатыр. Оның ең үлкен жетістігі осы. Өте қарапайым, ақкөңіл адал, кішілерге қамқор, үлкендерге құрмет көрсете біледі. Қоғамға еліміздің болашағының өркендеуіне үлес қосатын шәкірттер дайындау басты ұстанымы. Ізденімпаз жаңашыл ұстаздың алар асуы, жетер жетістігі, шығар биігі алда деп сенеміз. Еңбегіне шығармашылық табыстар тілейміз.



