«Мектеп басшысы- жаңашылдық пен жетістіктер көшбасшысы» » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп басшысы- жаңашылдық пен жетістіктер көшбасшысы»
29
сентябрь
2023

«Мектеп басшысы- жаңашылдық пен жетістіктер көшбасшысы»









Мектеп басшысы-қоғам көшбасшысы.Мектебіміздің басшысы Х.Кожбанова  құзырлық тұрғысынан ұйымдастыру қарым-қабілеті бар, жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып дамыту үшін қоғам алдында жауаптылық міндетін алып отырған білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. 
          Көшбасшылық дегеніміз не? Ол-әр мектеп басшысының өз әріптестерін жаңашылдыққа, жетістікке бағыттау және жетелеу, мақсатқа жетуге ықпал ету үшін жеке тұлғалық дағдыларын ашуға жағдай жасау. Ортақ мақсатты іске асыру үшін өзі үлгі болу және жанқиярлығы арқылы басқаларды биік жетістікке жетуге жігерлендіру. Білікті басшы өз ұжымына өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін себуші,  ең жақын жанашыры әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам және жаңашыл педагог мамандарды қалыптастырушы десек, мектеп басшымыз Х.Кожбанова апай  ұжымына көшбасшылық жасап әріптестерін  бір мақсаттың төңірегінде біріктіріп, үлкен жетістіктерге жетуге итермелеп келеді. Бүгінгі жаһандану заманында білім беру ісіне, мұғалімдерге жас ұрпақты тәрбиелеуде жаңа көзқарастар пайда болды. Тәуелсіз ел атанып,төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесін арттырып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлтымыздың болашағы – жас ұрпаққа білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы былай деген екен: «Мұғалім қандай болса,мектеп һәм сондай-ақ болмақшы.Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика-методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Осы орайда мұғалімге қойылатын талаптар да өте жоғары. Мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және мықты маман болуы қажет. Мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Сондықтан  мектеп басшысы-біздің көшбасшымыз ұжымындағы әріптестеріне білім негіздерін өз беттерінше үнемі жетілдіріп отыруды міндеттеп отырады.   Мектепте оқытуды жақсартуға, мұғалімдерді ынталандыру және кәсіби дамыту мәселелеріне басты назар аударып келеді. Еңбегі нәтижесіз емес, ұжымда жеткен жетістіктер жетерлік.  Жаңалыққа бейім болып, қазіргі әлеуметтік сұранысқа сай, өзін – өзі үздіксіз дамытып отыратын,белсенді әрекетке түсе білетін тұлға болуға әріптестерін бағыттау нәтижесінде мектебімізде көптеген ұстаздар биік белестерді бағындыруда. Атап өтсем Бектұрғанова Ғалия, Сәрсенбаева Гүлжан, Райымбекова Ұлжан,Ниязбекова Гүлдана апайларымыз бен Мамраимов Мәлік, Қалдарбеков Ерболат,Зияханов Арман, Надиров Нұрсұлтан т.б да әріптестеріміздің жеткен жетістіктері мол.  Сөзімізді қорытындылай келе ұжым басшысы-Х.Кожбанова бар күш-жігерін жұмсап, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам және жаңашыл педагогтарды тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы ұстаз, еліміздің жарқын болашағы бола алатын саналы да сапалы ұрпақ тәрбиелеуде аянбай қызмет етіп жүрген көреген көшбасшы.