ОБЛЫСТАН ІІІ ОРЫН. » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
июнь
2023

ОБЛЫСТАН ІІІ ОРЫН.









🔶 “TURAN” ОБЛЫСТЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫНДА ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ЖҮЛДЕЛІ ІІІ ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ
🔸Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай, Бәйдібек ауданында Облыстық “TURAN” интеллектуалды ойыны өтті. 
🔸Ойынның мақсаты – дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеру. Сондай-ақ, интеллектуалды ортаны қалыптастыру 
🔸Интеллектуалды ойынға Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Бектаев Ернар Нұралыұлы, «БАҚ пен қоғаммен байланыс» бөлімінің басшысы Қайрат Ақтөре Мейіржанұлы және Бәйдібек ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Көрікбаев Жамбыл төрелік етті.
Әділ-қазылардың шешімімен жеңімпаз атанған командалар: 
Бас жүлде иегері - “Key to life” командасы (Түркістан қаласы) 
I-орын иегері - “Бәйдібек жастары" командасы 
(Бәйдібек ауданы)
II-орын иегері -“Келес жастары” командасы 
(Келес ауданы)
III-орын иегері - “Favorite” командасы 
(Жетісай ауданы)
Ынталандыру сыйлықтары
“Білімгер” номинациясы иегері - “Қыран” командасы (Созақ ауданы)
“Үздік топбасшы” номинациясы иегері - Теміржанов Жандос "ВВС" командасы (Бәйдібек ауданы) 
Жеңімпаз атанған командаларды шын жүректен құттықтаймыз!