ЖЕТІСТІГІ МОЛ ҰЖЫМ » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
июнь
2023

ЖЕТІСТІГІ МОЛ ҰЖЫМ









Ұстaз – әрқашан білiм мен ізгіліктi алға қоятын тұлға. Күллі адам баласы ұстаздан тәлім-тәрбие мен білім алады. Сондықтан да ұстаздық – мамандықтардың төресі.«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай басты мамандық – ұстаздық ету. Мұғалiм барлық маманды тәрбиелейді, білім береді. Сондықтан бүгiнгi күнде ұстаздар қауымына тиістi жағдай жасау бойынша үлкен iс-шаралар басталып, іске асырылып жатыр. Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "N7"Тұран"  мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022-2023оқу жылының аяқталу қарсаңында Жыл үздіктері марапатталды. Мектеп директоры Х.Кожбанованың басшылығымен және  Аудандық Кәсіподақ ұйымының басшысы М.Спархановтың қолдауымен өтілген іс-шара жоғары деңгейде өтілді. Әр пән бойынша жыл бойы атқарған жұмыстарына сәйкес жыл үздіктері анықталды.Жалпы іс-шара барысында 30ға жуық мұғалім үздіктер қатарында көрінді. Салтанатты іс-шараның ақтық кезеңінде "Жыл мұғалімі-2023" номинациясын орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі педагог-шебер,Үздік педагог-2019 Республикалық сайысының лауреаты Раимбекова Улжан Кеттешқызы марапатталды. Аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен жеңімпаз мұғалімізге "Манкент" шипажайына 10 күндік демалыс Жолдамасы берілді.Іс-шара соңында барлық мұғалімдер "Ұстазым менің ұстазым"әнін Хорда орындады. Келер оқу жылында ұстаздарымызға шығармашылық табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеп іс-шара аяқталды.