28
сентябрь
2023
ЕРКІН КҮРЕСТІ ЕРКІН МЕҢГЕРГЕН ҒАЗИЗБЕК РЕСПУБЛИКАДА ІІІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ.
![]() | ![]() |
Мектебіміздің 3сынып оқушысы Маратұлы Ғазизбек Еркін күрестен Республикалық "Ерлан Байбатырұлын" еске алуға арналған Алматы облысы Жамбыл ауданының ашық біріншілігінде 23 кг салмақта 3 орын иегері атанды.Осыған дейін Ғазизбек облыстық, аудандық жарыстарға қатысып 1,2,3 орын иегері атанған.Бапкері Сембек Жоламан ағай.Бүгінгі күні мектеп басшысы Хадиша Нартайқызының қабылдауында болып Ғазизбекке болашақта әлем чемпионы болып, еліміздің көк туын әлемге танытатын,әнұранымызды шарықтатып шырқататын,ержүректі азамат болып өсуіне тілектер білдірді.

