01
февраль
2023
"Скрипканы бойына дарытқан дарын"
![]() | ![]() |
![]() | https://www.facebook.com/100012361658637/videos/870371404229627/ |
"Ел іші- өнер кеніші"деп ата-бабаларымыз айтқандай мектебіміздің 9"В" сынып оқушысы Абилкаир Ақзере Сакенқызы скрипкада бойына дарытқан өнер иесі екен. Скрипкада бірнеше жылдан бері қаламызда орналасқан "Nur-Saule" өнер орталығының "Скрика" үйірмесінің оқушысы болып табылады. Скрипкада ойнау үшін өте нәзік, есту қабілеті мен еңбектену, табандылық болуға тиісті. Адамның бойында туа бітетін қандай да бір іске деген қабілет негіздері болады, оны қолданса дарындылығы байқалады. Әрі қарай дамытып жетілдірсе талантқа айналады. Дарыны мен талантының арқасында Ақзеренің қазіргі таңда скрипкада "Майра", " Отан-Ана", "Қазақ вальсі", " Е Дога вальсі", " Серенада","Jingle bells","Песня", " Айттым сәлем Қаламқас" шығармаларын еркін ойнайды. Алдағы уақытта өнерін дамытып жеке шығармашылық кештерін ұйымдастыру керектігі ескертілді.


