30
апрель
2025
МЕКТЕПТЕГІ САПАЛЫ БІЛІМ МЕН САНАЛЫ ТӘРБИЕДЕГІ ОЗЫҚ ИДЕЯ - ТАБЫСТЫ НӘТИЖЕ БЕРЕТІН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС ЖЕМІСІ
![]() | ![]() |
2025 жылғы 29 сәуірде Түркістан облысының білім басқармасы ұйымдастырған «Мектептегі сапалы білім мен саналы тәрбиедегі озық идея – табысты нәтиже беретін шығармашылық жұмыс жемісі» атты облыстық тәжірибелік семинар аясында №7 "Тұран " МГ КММ физика пәні мұғалімi Бижигитова Нуржамал Тансыкбаевна
"Ойың бар ма?Іске асыр - ғылыми жұмыс жаса!"атты шебер сынып өткізді. Шебер сынып ұстаздарға жаңа оқыту әдістері мен технологияларының танысуға мүмкіндік берді.Адам өмірінің сапасының жақсаруына технологиялар мен инновациялардың пайда болуына ғылыми ойлау қабілетінің қалыптасуына ықпал ете білді.
Семинарға облыстың әр ауданынан келген физика пәні әдіскерлері мен физика пәні мұғалімдері қатысып, шебер сыныптың мазмұнына, ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді. Сабақ жаңашыл әдіс-тәсілдер мен шығармашылық идеяларға негізделіп, оқушылар мен устаздардың пәнге қызығушылығын арттыруда тиімді тәжірибе ретінде танылды. Қатысушы ұстаздар тарапынан оң пікірлер мен жылы лебіздер айтылып, бұл шебер сыныпты облыстық деңгейде таратуға лайықты үлгі ретінде бағаланып, облыстық деңгейдегі марапатка ұсынылды.
Ұйымдастырушылар: Туркістан облысының ББДО әдіскері
Гаухар Ошаева Бахытжановна
ЖАӘК әдіскерлері Айтмурад Джалгасбаев пен Гулнара Алтыбаева

