ХХІ ҒАСЫР ПЕДАГОГЫ-ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГТЫҢ ӘЛЕУЕТІ. » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХХІ ҒАСЫР ПЕДАГОГЫ-ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГТЫҢ ӘЛЕУЕТІ.
01
октябрь
2024

ХХІ ҒАСЫР ПЕДАГОГЫ-ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГТЫҢ ӘЛЕУЕТІ.




 « №7 «Тұран» мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың міндетін уақытша атқарушы Сарсенбаева Гулжан Абиловна
         Білім - адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. XXI ғасыр - білекке емес,білімге сенетін, білім мен ғылымның ғасыры. Сондықтан да, қазіргі уақытта сапалы білім мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында педагогтардың кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындап отыр. Педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс-әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Сапалы білім мен саналы тәрбие  беру үлгісінде педагогтар функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыра білу керек.                                                                                                                     XXI ғасырдағы білім беру парадигмасы - білім беруді жаңаша ұйымдастырып, философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыда теория мен тәжірибені байланыстырып, тереңірек қайта қарауды қажет етеді және пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу, субьективтік позицияны қалыптастыру болып табылады.Сондықтан алдымызда білім беру жүйесін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Білім сапасын арттыру да және нәтижеге бағытталған үлгіге беталу барысында мұғалімдеріміз кез-келген проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық-коммуникативті білімі жоғары,тұлғалық дамытушылық функцияны атқарады. Оқыту процесін технологияландыру,осыған сәйкес оқу бағдарламаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу мұғалімдерді үздіксіз ізденіске жетелейді. Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар-әрбір педагогтың жаңаша ойлап, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғанып, жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы жұмыс жасауына негіз болып отыр.Олай болса,білімнің сапалы да саналы түрде берілуі педагогтар мен зиялы қауымның деңгейіне байланысты. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, әрбір педагог қазіргі заман талабына сай жаңа инновациялық технологияларды күнделікті пайдаланып,өз білімін жетілдіріп отырса, әрбір сабақ тартымды да мәнді, қонымды да тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде ҚР  Білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің  басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.                                                                                                                                        .       Бүгінде  білім беру мазмұны толық жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып,оқытудың жаңа технологиясы өмірімізге тереңдей еніп кетті. Бүгінгі таңда оқытудың озық  технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің бойында интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына өз әсерін тигізеді және өзін-өзі дамытып,оқу мен тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Кез-келген оқытудың  жаңа технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық,әдістемелік  білімді,үлкен шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болсада, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсада, мұғалім оқушының белсенділігін туғызбаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға  ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Түпкі нәтижеге қол жеткізу үшін алдымен сол нәтижені нақты қоя білу қажет. Сонымен қатар оларды белгілеудің критерийлері, бағалау жүйесі, реттелуі саралануы тиіс. Егер бұлар толық әрі біртұтас қойылмаса онда оқыту процесі де толық мақсатына жете алмайды.Оқытудың негізгі міндеті - баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету,оның қабілетін анықтау мен дамыту, білімін  ашу, дұрыс түсінік  қалыптастыру.Оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның үдесінен шыға алады. Ойы жүйрік,ақылы жетік, бәсекеге қабілетті,өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады.
          Сапалы, саналы нәтижеге бағытталған білім мен тәрбие  алған өрендер ғана ел ертеңіне үлкен демеу бола алады. Сондықтан,білім сапасын арттырып, көзі ашық, көкірегі ояу, болашақта білімнің биік шыңын бағындыратын тұлға тәрбиелеп шығаруымыз керек.Білімді бәрінен де биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Білім беру жүйесінің басты мақсаты - ұлт қамын ойлайтын,бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп үйрететін орта,оның жүрегі ұстаз.Мектеп - білім беретін алтын ұямыз, алтын ордамыз болса, ал ұстаздар- болашақтың алтын көпірі, тірегі мен жүрегі екені алты алашқа аян. Ұстаз атана білу оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау-әрбір мұғалімнің борышы.