25
апрель
2025
23 сәуір” Ұлттық кітап күні” мерекесіне орай
![]() | ![]() |
25.04.25. ж. күні N7” Тұран мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 23 сәуір” Ұлттық кітап күні” мерекесіне орай, 8- сыныптар арасында “ Ең үздік оқырман” сайысы ұйымдастырылды. Халқымыз өнер мен білімді қастерлеген. Бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған басты мақсат- білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан.” Кітапхана- білімнің күншуағы “десек,” Ізденсем, білсем деген балаға кітапхананың есігі әрқашан да ашық. Үздік оқырман сайысының мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа баулу. Ең үздік оқырманды анықтап, оны мадақтау арқылы оқырмандық мәдениетті насихаттау. Сайыс арқылы ең белсенді, көп оқитын оқырмандар анықталып, оларды үлгі ету арқылы оқушылардың мотивациясы көтеріледі.
Кітап оқып, білім алудан әрдайым үздік болыңыздар.
Кітапханашы: Р. Рапишева.

