21
апрель
2025
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында
![]() | ![]() |
№7 «Тұран мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 23-сәуір Халықаралық кітап күні мерекесіне орай апталықтың ашылуы болды.Мектебімізде апталықтың ашылуы салтанатты түрде жоғары деңгейде өтті.Оқушылар мен ұстаздар белсене қатысты.Шараны мектебіміздің директоры Хадиша Нартайқызы құттықтау сөзбен ашып,шараға белсене қатысуға шақырды.Оқырмандарымызбен сұрақ-жауап ойындарын ойнап, сыйлықтар үлестіріп көтеріңкі көңіл күймен ән айтып,күй шерттік.
Апталықтың мақсаты оқушылардың оқушыларды кітап оқуға шақыру,түрлі кітапханалық шараларға қатысу.тәрбиелік мәні бар салтанатты шарамыз өз деңгейінде өтті.тамаша көңіл- күймен тарқастық.
Кітапханаға келіңіздер кітап сүйер қауым.
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында кітап әлемінде бізбен бірге болыңыздар.
Мектеп кітапханашысы Гүлмира Серікбаева

