21
февраль
2025
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
№7 «Тұран мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында «Шын жүректен кітап сыйла» челенжі.
"14 ақпан-Халықаралық кітап сыйлау мерекесіне" орай және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебімізде «Шын жүректен кітап сыйла» челенжі өткізілді.
Челендждің мақсаты –оқу мәдениетін дамыту,оқырмандарды кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Аталған шара бойынша мектебіміздің бірқатар ұстаздары мен оқушылары түрлі жанрдағы кітаптарды ,сондай ақ балаларға арналған қазақ және басқа тілдегі кітаптарды мектеп кітапханасына сыйға тартты.Өздерінің сүйікті кітаптарын сыйға тарта отырып, өзге оқырмандарымызға жаңа әдебиеттермен танысу мүмкіндігіне жол ашты.
Сыйға тартылған басылымдар кітапхана қорын толықтырып ,әр оқырманға жетеді деген ойдамыз.
Кітапханаға келіңіздер кітап сүйер қауым.
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында кітап әлемінде бізбен бірге болыңыздар.
Мектеп кітапханашысы Гүлмира Серікбаева