23
апрель
2025
“23 сәуір- Кітап күні” мерекесіне орай
23.04.25. ж күні N7” Тұран мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 7 а сынып оқушыларымен, “23 сәуір- Кітап күні” мерекесіне орай,” Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында” Абай мұрасы, халық ұлағаты” қара сөздерін оқу әдеби сағаты өткізілді.
Мақсатымыз: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін айтып мән мағынасын ашу. Көркем сөйлеуге, шәкірттерді адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс. Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қара сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт бағдар, ақыл қосушы.
Кітапханашы: Р. Рапишева.