18
апрель
2025
Ұлы халықтың- ұлы Абайы” деген тақырыпта әдеби сағат өтт
Бүгін 18.04.25 ж күні "N7” Тұран мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 8 ә сынып оқушылары, пән мұғалімі Жиренбаева Жұлдыз апай мен бірлесе отырып “ Ұлы халықтың- ұлы Абайы” деген тақырыпта әдеби сағат өтті. Халқымыздың данышпан ақыны, ойшыл, дана ғұламаларының бірі қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлына 180 жыл толып отыр. Абай- мың қырлы, мың тәлімі бар ақын. Бүгінгі әдеби сағатымызды сол мың қырының бірерін ғана өзімізше түсініп, әңгіме етпек болдық. М. Әуезовтің өзі Абай дариясының тек бетін қалқыдым десе, біз тек сол дарияның жағасына қана келдік. Ал сол дарияның інжу- маржандарын теретін болашақ ғалымдар, ақын- жазушылар сендердің іштеріңде отыр деп үміттенеміз.
Кітапханашы: Р. Рапишева.