08
ноябрь
2024
Ы. Алтынсарин және қазақ балалар әдебиеті” деген тақырыпта әдеби сағат өтілді
8.11.2024 күні "N7” Тұран мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 5 а сынып оқушылары, пән мұғалімі Жиренбаева Жұлдыз апай мен “ Ы. Алтынсарин және қазақ балалар әдебиеті” деген тақырыпта әдеби сағат өтілді. Ы. Алтынсарин Қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды. Оның қаламынан” Қыпшақ Сейіт”,” Киіз үй мен ағаш үй”,” Асыл шөп”,”Шеше мен бала”,” Бай мен жарлы баласы”,” Таза бұлақ” секілді әңгімелер мен новеллалар туған. Ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына арналған көптеген ғылыми, тарихи- педагогикалық шығармалар жарық көрді. Балалар Ы. Алтынсарин аталары жайлы көптеген мәліметтер алды. Өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып берді. “ Бақша ағаштары” әңгімесінен балалар көрініс көрсетті. Ы. Алтынсариннің айрықша атап айтар тарихи еңбегінің бірі- оның қазақ балалар әдебиетінің негізін қалауы. “ Қазақ хрестоматиясына” енген алуан жанрдағы шығармалар мұның айқын дәлелі.
Кітапханашы: Р. Рапишева.