"Қазақ тілінің байлығы орыс тіліне қарағанда басым..." деген тақырыпта дебат сайысын ұйымдастырылды » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қазақ тілінің байлығы орыс тіліне қарағанда басым..." деген тақырыпта дебат сайысын ұйымдастырылды
14
сентябрь
2023

"Қазақ тілінің байлығы орыс тіліне қарағанда басым..." деген тақырыпта дебат сайысын ұйымдастырылды







"N"7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Балтабай Роза  Құдайбергенқызы оқушылардың ана тілімізге деген сүйіспеншілігін арттыру,мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында сегізінші және тоғызыншы сыныптар арасында "Қазақ тілінің байлығы орыс тіліне қарағанда басым..." деген тақырыпта дебат сайысын ұйымдастырды.9-сыныптардан құрылған "Ақиқат" тобының лидері Қауыс Кәусар мен топ спикері Биболова Алина өз тілімізге ешқандай тіл тең келмейтінін дәлелдеуге тырысты, өздерінің нақты дәлелдерін, аргументтерін келтіре білді.Ал  8- сыныптардан құрылған "Парасат" тобының лидері Аханова Әсел мен топ спикері Сәрсенбай Әсем өздерінің нағыз бабында екенін көрсетті."Ана тіліміздің  алпыс тілге" татитынын айта отырып, өз позицияларын нақтылауға бар білімдерін салды."Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" демекші,екі топ та өз позицияларын дәлелдеуде алдарына жан салмайтынын көрсетті, сондықтан әділ қазылардың шешімі бойынша " достық жеңді" деген қорытындыға келді.
Сайыс соңында ана тілімізге деген ыстық ықыластарын     өлең шумақтарымен көрсетті. Екі топ та арнайы дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.Шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!!!