09
апрель
2025
Инновация мен креативтілік – білім берудің жаңа тенденциялары
![]() | ![]() |
02.04 .2025 ж. күні Арыс қаласында мектеп педагогтеріне арналған «Инновация мен креативтілік – білім берудің жаңа тенденциялары» тақырыбындағы әдістемелік күн өтті.Іс-шараға білім беру саласының мамандары, педагогтер, әдіскерлер және шығармашыл ұстаздар қатысты.
Білім беру саласында жаңашылдықтар жиі орын алады. Шебер сыныптар ұстаздарға осы өзгерістерге бейімделуге және білім беруде жаңа тәсілдер мен технологияларды қолдануға көмектеседі.
Шебер сыныптар ұстаздардың біліктілігін арттырып, жаңа білім мен дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. Бұл ұстаздардың кәсіби өсуіне, оқыту әдістерін жаңартуға және оқушылардың білім сапасын арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар шебер сыныптар ұстаздарға оқушылармен жұмыс істеудің жаңа әдіс-тәсілдерін үйретеді. Бұл әдістер оқушылардың назарын аудару, қызығушылықтарын арттыру және олардың білім алу мотивациясын күшейту үшін маңызды.
02.04.2025өтілген әдістемелік күні физика пәні мұғалімі Бижигитова Нуржамал ұстаздар және оқушыларға терең білім беру үшін қажетті құралдар мен ресурстарды ұсынды

