04
апрель
2025
Инновация мен креативтілік – білім берудің жаңа тенденциялары
![]() | ![]() |
02.04 .2025 ж. күні Арыс қаласында мектеп педагогтеріне арналған «Инновация мен креативтілік – білім берудің жаңа тенденциялары» тақырыбындағы әдістемелік күн өтті. N7 “Тұран “мектеп -гимназия мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ниязбекова Гульдана Абдиевна “Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша тиімді платформалар “тақырыбында шебер сабақ өттім .Шеберлік сыныбының мақсаты – заманауи білім берудегі инновациялық әдістер мен креативті ойлаудың маңыздылығын талқылау, педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру және жаңа технологияларды қолданудың тиімді жолдарын көрсету.
Іс-шара барысында қатысушылар заманауи әдістемелерді тәжірибеде қолдану жолдарын талқылады. Сонымен қатар, түрлі интерактивті тапсырмалар мен топтық жұмыстар ұйымдастырылып, педагогтер өзара тәжірибе алмасты.
Шеберлік сыныбының спикерлері инновациялық оқыту әдістері, цифрлық технологияларды пайдалану және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті. Қатысушылар практикалық тапсырмалар арқылы өз дағдыларын шыңдап, алған білімдерін өз сабақтарында қолдануға мүмкіндік алды.

