19
февраль
2025
Дебат-сөз додасы: «Әлеуметтік желілердің жастарға әсері:олардың психологиясына оң әсері немесе зиянды әсері бар ма?»
![]() | ![]() |
Дебат-сөз додасы: «Әлеуметтік желілердің жастарға әсері:олардың психологиясына оң әсері немесе зиянды әсері бар ма?»
Дебатты жоғары деңгейде өткізген – информатика пәні мұғалімі Қарсақбаева Айгүл апай. Сондай-ақ, дебатты сәтті жүргізген 9Ә сынып оқушысы Алтынбай Анель өз міндетін жоғары деңгейде орындады.
Қатысушылар әлеуметтік желінің жастарға тигізер әсерін жан-жақты талдап, өз ұстанымдарын мықты аргументтермен қорғады. Қызу пікірталас нәтижесінде Оппозиция тобы жеңіске жетті!
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Дебат – тек жарыс емес, ой жарысы, білім мен логиканың сайысы. Осындай шаралар оқушылардың еркін сөйлеу, пікір алмасу және дәлелді ой айту дағдыларын дамытуға зор үлес қосады.

