БАСКЕТБОЛ ҮЙІРМЕСІНЕ ҚАТЫСУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ДОП ШЕБЕРЛЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ АЛҒЫШАРТЫ. » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БАСКЕТБОЛ ҮЙІРМЕСІНЕ ҚАТЫСУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ДОП ШЕБЕРЛЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ АЛҒЫШАРТЫ.
18
январь
2024

БАСКЕТБОЛ ҮЙІРМЕСІНЕ ҚАТЫСУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ДОП ШЕБЕРЛЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ АЛҒЫШАРТЫ.






Баскетбол – доппен ойналатын ойын. Ойынның мәні – ережеде көрсетілген уақыт ішінде қарсылас команданың корзинасына көбірек доп салуға деген ойыншылар ұмтылысынан көрінеді. Допты тек қана қолмен ойнайды. Команда құрамы 10 адам болады. Алайда алаңда әр жақтан 5 адам ғана ойнай алады. Алаңның көлемі онша үлкен емес (26х14) м.. Осылардың барлығы допқа ие болып және оны корзинаға лақтыруға немесе қарсыластың шабуылына белсенді түрде қарсылық жасап, допқа ие болуға ұмтылуға мүмкіндік жасайтын, серіктестердің өзара, дәл іс-әрекеті қажет болатындай ойын жағдайын жасайды. Ойында жүгіріс, жүріс, секірулер мен лақтырулар секілді қозғалыстың табиғи түрлері пайдаланылады. Олар қолданылатын жағдайдың көп түрлілігі мен өзгермелілігі, адамда дене қабілеттерінің дамуының белгілі деңгейін, қозғалыс біліктілігі мен дағдыларының мол қорының болуын талап етеді. Баскетбол үйірмесінің жетекшісі Шайменов Ерхан ағайдың ұйымдастыруымен үйірмеге қатысушылар өз шеберліктерін күннен-күнге шыңдау үстінде. Бұл үйірмемен шұғылдануды дұрыс ұйымдастыра білсе, оның адам ағзасына жан-жақты, жақсы әсері мол.
Бұл ойын балаларды көбірек қызықтыруда.