ЖАС ШЕКАРАШЫЛАР » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
ноябрь
2024

ЖАС ШЕКАРАШЫЛАР





   №7 Тұран  мектеп - гимназия “ коммуналдық мемлекеттік мекемесінің “Бір тұтас тәрбие бағыты” негізінде жоспарға сай мектебіміздің АӘ және ТД пәнінің оқытушы ұйымдастырушысы А.Шарапов 10 - сынып оқушыларын   2024жылы 19 қараша күні Мақтарал ауданы бойынша шекара            
         басқармасының «Жаңа ауыл» шекара бөлімшесіне барып тыныс тіршілігімен танысып қайтты.
Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының шекара қызметімен таныстыру, шекарашы мамандығының маңыздылығын түсіндіру және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бұл сапар оқушыларға әскери қызметтің күрделілігі мен жауапкершілігін түсіндіру.
Сонымен қатар шекара қызметінің қауіптілігі мен маңыздылығын сезіндіру үшін ұйымдастырылған. Сапар барысында оқушылар шекара әскери қызметінің жұмысымен танысты, шекарашы мамандығының ерекшеліктері мен шекара бөлімінің қызметі туралы толық ақпарат алды. Сапар оқушыларға шекара қызметі мен әскери бөлімшенің жұмысын тікелей көруге мүмкіндік берді. Бұл тәжірибе оларды шекара қызметінің қиындығын, міндеттерін және шекарашының жауапкершілігін түсінуге үйретеді. Сапар арқылы оқушылар патриотизм, Отан алдындағы борыш және әскери қызметтің маңыздылығы туралы тереңірек ойлануға мүмкіндік алады. Әсіресе, жастар арасында еліміздегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі шекарашылардың рөлі туралы түсінік қалыптасады. Танымдық сапар оқушыларға нақты тәжірибе алу, әскери қызметтің ішкі ұйымдастырылуы мен жұмыс процесін көру мүмкіндігін береді. Олардың теориялық білімдерін практикамен байланыстыруға көмектеседі. 
Жалпы, бұл сапардың мақсаты мен нәтижесі — оқушыларға шекара қызметі мен әскери өмірдің маңыздылығын түсіндіріп, олардың бойында отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.
Дайындаған: АӘ және ТД оқытушысы Шарапов А