19
апрель
2024
Ж.У.Урманов оқушыларды жоғары әскери оқу орындарымен таныстырды
![]() | ![]() |
N7 ”Тұран" мектеп-гимназия" КММ-нің 9-11 сынып оқушыларына Жетісай және Мақтаарал аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінен, әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыстар бойынша бөлімше бастығы капитан Ж.У.Урманов оқушыларды жоғары әскери оқу орындарымен таныстырды .
Мақсаты:оқушыларды Офицер кәсібімен және Жоғары әскери оқу орындарымен таныстыру.осы мамандық иелерінің жұмыстарымен таныстырып,қызығушылықтарын арттыру.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне жоғары білікті мамандар дайындау үшін бүгінгі таңда мынандай Жоғары әскери оқу орындары бар :
1.Құрлық әскерлері әскери институты (Алматы)
2.Әуе қорғаныс күштер институты (Ақтөбе қ)
3.Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты(Алматы қ)
4.Ш.Уалиханов атындвғы Әскери колледж (Көкшетау қ)
Бұл оқу орындарының оқу мерзімі 4-5 жыл екендігі және Жоғарғы әскери оқу орнын бітіргендерге тиісті мамандығына қоса офицер атағы берілетіндігін айтып жан -жақты таныстыру жұмысын жүргізді.

