29
апрель
2024
"Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" оқу пәні бойынша
![]() | ![]() |
Азаматтарға қорғаныс саласы бойынша алғашқы білім беру және оларды әскери қызмет негіздері бойынша дайындауда жылдық оқу-далалық жиындарын өткізу қарастырылған.
"Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасына сай 10-сынып оқушылардың дағдысын және практикалық шеберлігін дамыту мақсатында, сонымен қатар әскери істі үйренуге қызығушылығын арттыру үшін оқу жылының соңында ер жігіттер арасында бес күндік оқу-далалық жиын өткізіледі.
Осыған орай Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты
N7"Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10-сынып оқып үйренушілері арасында бес күндік оқу-дала жиыны 22-26.04.2024ж аралығында өтті.
АӘДТ пәнінің оқытушы -
ұйымдастырушысы Шарапов А

